"Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 415 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 қарашада № 3786 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 20.10.2017 № 525 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттардың негізінде "Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 20.10.2017 № 525 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 20.10.2017 № 525 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Кулагин

  Әкімдіктің
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 415 қаулысына 1-қосымша

Демалыс аймағы базасы, туристік базаны пайдалану және қызмет көрсету, "Құрылыс материалдар қоймасы" объектісінің құрылысына арналған телімдердегі Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 20.10.2017 № 525 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 21.02.2020 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)

Шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр)

Шекараның қашықтығы, алаңы (гектар)

Шекараның қашықтығы, ені (метр)

Шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр)

Алаңы (гектар)

Ені (метр)

Тобыл өзені Лисаков қаласы, өнеркәсіптік-коммуналдық аймағы,11А мекенжайы бойынша орналасқан құрылыс материалдар қоймасының құрылысына арналған жер учаскесі

140,0

5,95

400-450

140,0

1,4

100

180,0

Тобыл мен Аят өзендері (Қаратомар су қоймасы) Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Набережный ауылдық округінде орналасқан демалыс аймағы базасының құрылысына және туристік базасын пайдалану мен қызмет көрсетуіне арналған жер учаскесі

186,0

18,6

1000

186,0

1,23

64-68

160,0

     

  Әкімдіктің
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 415 қаулысына 2-қосымша

"Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 20.10.2017 № 525 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық және өзге де қызметке;

      2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;

      3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

      4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

      5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

      6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

      7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2020 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 311 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

      3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) жұмыс істеу нормасынан артық мал жаюға, су тоғандарының режімін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

      6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

      7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 30.04.2014 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.10.2017 № 525 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.02.2020 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады