"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғындарының саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
Жангелдин ауданы Амангелді ауылдық округінің Қарғалы ауылы;
Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Ақшакөл ауылы;
Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Анновка ауылы;
Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Дудаковка ауылы;
Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Ковалевка ауылы;
Сарыкөл ауданы Тимирязов ауылдық округінің Павлыш Спасское ауылы.
2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Амангелді ауылдық округінің Қарғалы ауылы Жангелдин ауданы Амангелді ауылдық округінің Шеген ауылының құрамына;
Чехов ауылдық округінің Ақшакөл ауылы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Урожайное ауылының құрамына;
Чехов ауылдық округінің Анновка ауылы Сарыкөл ауданы Чехов ауылдық округінің Урожайное ауылының құрамына;
Тағыл ауылдық округінің Дудаковка ауылы Сарыкөл ауданы Тағыл ауылдық округінің Тағыл ауылының құрамына;
Лесной ауылдық округінің Ковалевка ауылы Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Большие Дубравы ауылының құрамына;
Тимирязов ауылдық округінің Павлыш Спасское ауылы Сарыкөл ауданы Тимирязов ауылдық округінің Тимирязевка ауылының құрамына.
3. Амангелді ауылдық округі Жангелдин ауданының Шеген ауылы болып қайта құрылсын.
4. Воскресенов ауылы Қостанай ауданының Надеждин ауылдық округінің құрамына енгізіле отырып, оның бағыныстылығы өзгертілсін.
5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Н. Утеулин |
Қостанай облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |