Әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" каулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 619 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 7411 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3666 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:

      "

685

Шөптікөл батпағы

30

Жітіқара

      "

      деген жол алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 953, 954, 955, 956, 957, 958, 959, 960, 961, жолдарымен толықтырылсын:

      "

953

Шортанқарағай көлі

200,5

Әулиекөл

954

№1 Дүзбай жайылмалары

300

Әулиекөл

955

Мырзакөл көлі

35

Әулиекөл

956

Кiшкенкөл көлі

153

Әулиекөл

957

Рачье ескі арнасы

2,3

Қостанай

958

Огородное көлі

15,1

Қостанай

959

Үлкен тоған

6

Меңдіқара

960

Милославская балкасы

96

Денисов

961

Аты жоқ көл

5,0

Федоров

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Орман

      шаруашылығы және жануарлар

      дүниесі комитеті "Қостанай

      облыстық орман шаруашылығы

      және жануарлар дүниесі аумақтық

      инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Д. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады