"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-5) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2018-2019 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт
министрі
__________ А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы "30" қараша
Әкімдіктің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 601 қаулысымен бекітілген |
2018-2019 жылдарға арналған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтардың атауы | Олимпиадалық емес спорт түрінің атауы | Жазғы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Қысқы олимпиадалық спорт түрінің атауы | Паралимпиадалық спорт түрінің атауы | Ұлттық спорт түрінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
"А" тобы | Гір спорты | Ауыр атлетика | Коньки спорты | Арбадағы би | Қазақ күресі |
Жатып сығыңдау | Әйелдер күресі | Шаңғы жарысы | Арбадағы жарыс | Тоғызқұмалақ | |
Кикбоксинг | Бадминтон | Шорт-трек | Отырып ойнау волейболы | ||
Пауэрлифтинг | Баскетбол | Дартс | |||
Президенттік көпсайыс | Бокс | Жатып сығыңдау | |||
Шахмат | Волейбол | Жеңіл атлетика | |||
Грек-рим күресі | Жүзу | ||||
Дзюдо | Қол күресі | ||||
Еркін күрес | Оқ ату | ||||
Жеңіл атлетика | Пауэрлифтинг | ||||
Жүзу | Үстел теннисі | ||||
Спорттық гимнастика | Шаңғы жарысы | ||||
"Б" тобы | Бодибилдинг | Велосипед спорты | Шайбалы хоккей | Асық ату | |
Дойбы | Қол добы | Аударыспақ | |||
Самбо | Құзға өрмелеу | Бәйге | |||
Таеквондо | Жекпе-жек | ||||
Футбол | Қыз қуу | ||||
Үстел теннисі | Көкпар | ||||
"С" тобы | Аралас ұрыс жекпе-жегі | Гольф | Мәнерлеп сырғанау | Жамбы ату | |
Әскери-қолданбалы спорт түрлері | Каратэ-до | Теңге ілу | |||
Белбеу күресі | Көркем гимнастика | ||||
Би спорты | Оқ ату | ||||
Грэпплинг | Регби | ||||
Джиу-джитсу | Стенд ату | ||||
Каратэ шинкиокушинкай | Теннис | ||||
Картинг | Триатлон | ||||
Каратэ кекушинкай | |||||
Қол күресі | |||||
Мотоцикл кроссы | |||||
Муайтай | |||||
Панкратион | |||||
Спешил олимпикс | |||||
Спорттық балық аулау | |||||
Спорттық туризм | |||||
Судомодельдік спорт | |||||
Сурдлимпиадалық спорт түрлері |