2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 936 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 тамызда № 7161 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 936 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

№ р/с

Ұйымның атауы

Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде

Жұмыс орындарының саны

1.

"Салтанат" пәтер иелерінің тұтыну кооперативі

35

2,9 %

1

2.

"ЛАНА" Пәтер иелерінің тұтыну кооперативі

40

2,5 %

1

3.

"Стройпромгрупп-2030" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

140

2,1 %

3

4.

"Рудненский цементный завод" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

250

1,2 %

3

5.

Филиал "Фирма "Арасан" ЖШС-нің" Рудный филиалы"

433

1 %

4

6.

"Жас-Канат 2006" жауап-кершілігі шектеулі серіктестігі

245

0,4 %

1

7.

"ЕКТА" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

22

4,5 %

1

8.

"ТС Меркурий" жауап-кершілігі шектеулі серіктестігі

209

0,5 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады