1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Первомай ауылы әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 1 "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6638 болып тіркелген, "Әулиекөл" газетінде 2016 жылғы 13 қазанда жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 12 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Первомай ауылының әкімі | Д. Тлемісов |
КЕЛІСІЛДІ
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі"мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
______________ Жасанбаев Н. М.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Тайшибаев А. Т.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Әулиекөл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Дуйсенов Е. Г.