"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1- бабының 8) тармақшасына сәйкес, және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 366 ұсынысы негізінде Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Федосеев ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Сұлукөл селолық округі әкімінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1 "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Федосеев ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Сұлукөл ауылдық округінің әкімі |
Қ. Шәріпов |
КЕЛІСІЛДІ
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Ахметжанова Д.А.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Тайшибаев А. Т.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасының қоғамдық
денсаулық сақтау Министрлігі қоғамдық
денсаулық сақтау Комитетінің Қостанай
облысы қоғамдық денсаулық сақтау
Департаментінің қоғамдық денсаулық сақтау
Әулиекөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ Дуйсенов Е. Г.