Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы әкімінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 ақпанда № 6827 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы әкімінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы әкімінің 27.04.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 27.03.2017 бастап туындаған қатынастарға таратылады).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 01-20/313 ұсынысы негізінде Шевченковка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы 1 май көшесі, 12 үй, мекен жайы бойынша ірі қара мал туберкуллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті іс-шараларды жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 13 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Жітіқара ауданы
Шевченковка ауылының әкімі
Д. Тунжуманов

      КЕЛІСІЛДІ
      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      Ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________Т. Рамазанов
      КЕЛІСІЛДІ
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Жітіқара
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ___________________Т. Нургазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады