"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жітіқара аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 01-20/72 ұсынысы негізінде Жітіқара ауданы Шевченковка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы 1 май көшесі, 12 үй, мекен жайы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Жітіқара ауданы Шевченковка ауылы әкімінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 1 шешімі жойылды деп саналсын (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6827 болып тіркелген, 2017 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкте жарияланған.).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 27 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Шевченковка ауылының әкімі | Д. Тунжуманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жітіқара ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Т. Рамазанов
2017 жылғы 27 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жітіқара
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Т. Нургазин
2017 жылғы 27 сәуір