2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 87 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 7226 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2017 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi Қамысты ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 15 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 21 тамыздағы
№ 87 қаулысына қосымша

2017 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi Қамысты ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі

Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

III құрғақ дала аймағы

1

Жаздық бидай

2017 жылғы 15 мамырдан 31 мамырға дейін

2

Жаздық арпа

2017 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін

3

Сұлы

2017 жылғы 15 мамырдан 5 маусымға дейін

4

Қарақұмық

2017 жылғы 20 мамырдан 5 маусымға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады