2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 103 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қазанда № 7267 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қамысты ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Қамысты
ауданының әкімі
Ғ. Бекмұхамедов

  2017 жылғы 5 қазандағы
№ 103 әкімдігінің қаулысына
қосымша

2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері

№ р/н

Ұйымның атауы

Адамдардың, жұмысшылардың сандық тізімі

Квота мөлшері (жұмысшылардың сандық тізімінің %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдар үшін жұмыс орындардың саны

1.

Қамысты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2,0 %

1

2.

"Содружество-98" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

116

1,7 %

2

3.

"ПКФ Қайрат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2,0 %

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады