"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
Аудан әкімі | В. Ионенко |
Әкімдіктің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №172 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған ұйымдар бөлінісінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота мөлшері
№ р/с | Ұйымның атауы | Кәсіпорындағы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам | Квота мөлшері жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық көрсетілімде | Жұмыс орындарының саны |
1. | "Убаганский" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 2% | 1 |
2. | "Железнодорожное - АМФ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 297 | 0,4% | 1 |
3. | "Караман - К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 184 | 1,1% | 2 |