Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 27.01.2020 № 473 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қостанай ауданы Половниковка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Половниковка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2014 жылғы 11 наурыздағы № 187 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Половников ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4620 тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған);
2014 жылғы 7 қазандағы № 241 "Мәслихаттың 2014 жылғы 11 наурыздағы № 187 "Қостанай облысы Қостанай ауданы Половников ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5129 тіркелген, 2014 жылғы 31 қазанда "Арна" газетінде жарияланған).
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай аудандық мәслихатының | |
кезектен тыс сессиясының төрағасы | С. Есментаев |
Қостанай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Копжасаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай облысы Қостанай ауданы
Половниковка ауылының әкімі
________________ Е. Таран
"30" қараша 2017 жыл
Мәслихаттың 2017 жылғы 30 қарашадағы № 193 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Половниковка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қостанай ауданы Половниковка ауылының (бұдан әрі - Половниковка ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Половниковка ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Половниковка ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиын Половниковка ауылының әкімімен шақырылады.
Қостанай ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Половниковка ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Половниковка ауылының әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Половниковка ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Половниковка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Половниковка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Половниковка ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Половниковка ауылы әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2017 жылғы 30 қарашадағы № 193 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қостанай ауданы Половниковка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Қостанай ауданы Половниковка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1 | Қостанай облысы Қостанай ауданы Половниковка ауылының тұрғындары үшін | 10 |