Қостанай ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 1 "Қостанай ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 7402 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 13.03.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 1 "Қостанай ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4525 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Арна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында № 538, 586 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 538 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Ждановка ауылы.";

      "№ 586 сайлау учаскесі

      Шекараларында: Половниковка ауылы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қостанай аудандық сайлау

      комиссиясының төрайымы

      _____________Л. Сапожникова

      2017 жылғы 06 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады