Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 30 "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 қаңтарда № 7486 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 шілдедегі № 545 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 17.07.2020 № 545 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 6 маусымдағы № 30 "Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6530 тіркелген, 2016 жылғы 20 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:

      1) өтiнiш берiлмеген болса;

      2) оларды өткiзу кезiнде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарында көзделген тәртiп бұзылған жағдайда Қостанай ауданының әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылады.";

      Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзуді қосымша реттеу туралы қағидаларына 1, 2-қосымшалар осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының
кезекті сессиясының төрағасы
С. Есментаев
      Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Копжасаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай ауданы әкімдігінің

      "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________________ А. Суинова

  Мәслихаттың
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 213 шешіміне 1-қосымша
  Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 1-қосымша

Жиналыстар мен митингілер өткізу орындары

Елді мекеннің атауы

Жиналыстар мен митингілер өткізу орындары

1

Затобол кенті

Заречная көшесі бойындағы алаң

2

Затобол кенті

Строительная және Механизаторов көшелерінің қиылысындағы алаң

  Мәслихаттың
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 213 шешіміне 2-қосымша
  Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына 2-қосымша

Шерулер және демонстрациялар өткізу маршруттары

Елді мекеннің атауы

Шерулер және демонстрациялар өткiзу маршруттары

1

Затобол кенті

Механизаторов көшесі - Заречная көшесі (Целинная көшесінің басынан бастап Механизаторов көшесі бойынан Заречная көшесіне өтумен)

2

Затобол кенті

Строительная көшесі - Механизаторов көшесі (Калабаев көшесі мен "Водник" шағын ауданының қиылысынан Строительная және Механизаторов көшелерінің қиылысына дейін)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады