Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде орналасқан "Адай-Еркін" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 6812 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 30.10.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 01-20/179 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде орналасқан "Адай-Еркін" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғаукомитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Сарыкөл аудандық тұтынушылардың құқықтарынқорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша)анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Сарыкөл кенті әкімінің
міндеттерін атқарушы
М. Өтенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Сарыкөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ________________ Е.Қ. Құрманов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі

      Тұтынушылардың құқықтарын

      қорғау комитетінің Қостанай облысы

      тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      департаментінің Сарыкөл аудандық

      тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ С.С. Ибраева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі"мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ Ш.Ж. Сатубалдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады