Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде орналасқан "Адай-Еркін" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қарашада № 7310 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 01-20/119 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде орналасқан "Адай-Еркін" шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сарыкөл ауданы Сарыкөл кенті әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 1 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сарыкөл кентінде орналасқан "Адай-Еркін" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6812 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл кенті әкімінің
міндетін атқарушы
С. Қаппасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық

      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________________ Е.Қ. Құманов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

      Сарыкөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау

      басқармасы" республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________________________ С.С. Ибраева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________ Ш.Ж. Сатубалдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады