"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 28-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таран ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 220 "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5927 тіркелген, 2015 жылғы 15 қазанда "Маяк" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында 26, 27 жолдар:
"
26. | Нелюбинка ауылы | Центральная көшесіндегі стенд |
27. | Барсуковка ауылы | Школьная көшесіндегі стенд |
",
34 жол:
"
34. | Ленинское ауылы | Карьерная көшесіндегі стенд |
"
алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | М. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Таран аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
_________________ О. Ли