Ұзынкөл ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 6 "Ұзынкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 7096 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұзынкөл ауданы әкімінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 6 "Ұзынкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6020 болып тіркелген, 2015 жылдың 10 желтоқсанда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасында № 769 учаскесі шекараларында Центральная көшесін Е.К. Жамбыршин атындағы көшесіне өзгерту, № 770 учаскесі шекараларында Новая көшесін Әмреш Дәрменов көшесіне өзгерту.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Сарсембаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Ұзынкөл аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ________________ Қ. Қайралапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады