Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 03.03.2020 № 348 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 279 "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5532 тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
19-ншы кезектен тыс сессияның төрайымы, | |
аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Бараншина |
"КЕЛІСІЛДІ"
Киев ауылдық округі әкімінің
міндетін атқарушы
_____________ А.Бесимов
2017 жылғы 15 қыркүйек
Мәслихаттың 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 126 шешіміне қосымша |
Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 279 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің Миролюбовка ауылының тұрғындары үшін | 50 |
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Киев ауылдық округінің Абай ауылының тұрғындары үшін | 10 |