Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Қамбар, Тортай, Красная поляна, Спартак, Шоқпар, Қырықүй ауылдарын тарату туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 4 және Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 108/12 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 мамырда № 5498 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:

      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының құрамына енгізу арқылы Ақтоғай ауылдық округінің Қамбар ауылы;

      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылының құрамына енгізу арқылы Ақтоғай ауылдық округінің Тортай ауылы;

      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының құрамына енгізу арқылы Қараоба ауылдық округінің Красная поляна ауылы;

      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Қараоба ауылының құрамына енгізу арқылы Қараоба ауылдық округінің Спартак ауылы;

      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Муткенов ауылының құрамына енгізу арқылы Муткенов ауылдық округінің Шоқпар ауылы;

      елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылының құрамына енгізу арқылы Шолақсор ауылдық округінің Қырықүй ауылы.

      2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов
      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихат хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады