Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Елді мекен мәртебесінен айырылуына және оның аумағын Успен ауданы Лозовский ауылдық округі Лозовое ауылының құрамына енгізуіне байланысты Екатеринослав ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы, | |
облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |