Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласы өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отыра, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Екібастұз қаласының Құдайкөл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын;
Құдайкөл мен Қарасор ауылдары жер пайдалану шегіндегі аумағымен Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілсін;
Бесқауға ауылы жер пайдалану шегіндегі аумағымен Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімшілік бағынысына берілсін;
Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің орталығы болып Бесқауға ауылы белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | Б. Бақауов |
Сессия төрағасы | Г. Әбішева |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | В. Берковский |