Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Павлодар қаласы әкімдігі атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 178/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 273/9 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 наурызда № 5412 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы "Павлодар қаласы әкімдігі атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 178/4 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4961 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 маусымдағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Б.Т. Байжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Балашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады