Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы "Павлодар қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 138/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 қазандағы № 205/26 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 02 қарашада № 5667 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 520/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.09.2020 № 520/70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы "Павлодар қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 138/18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5440 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 сәуірде "Сарыарқа Самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Павлодар қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру Қағидаларында және оның сипаттамасында:

      "Қызметтік куәліктің сипаттамасы" 3-тарауында 9, 10-тармақтарда қазақ тіліндегі нұсқасында "Куәліктің" деген сөздер "Қызметтік куәліктің" деген сөздерге өзгертілсін;

      "Қорытынды ережелер" 4-тарауында:

      13-тармақта "Кадр қызметі" сөздері "Мәслихат аппаратының басшысы" сөздерімен өзгертілсін;

      15-тармақта "кадр қызметіне" сөздері "мәслихат аппаратының басшысына" сөздерімен өзгертілсін;

      16-тармақта "кадр қызметі" сөздері "мәслихат аппаратының басшысы" сөздерімен өзгертілсін;

      17-тармақта "кадр қызметіне" сөздері "мәслихат аппаратының басшысына" сөздерімен өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Айтышев
      Қалалық мәслихат хатшысы З. Мұқашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады