Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі әкімінің 01.11.2018 № 1-03/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қалкаман селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Қалқаман селолық округі Ақжол ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақсу қаласы ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Ақсу қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" (келісім бойынша), осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындаулуын бақылауды өзіме калдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалқаман селолық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | О. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қалалық қоғамдық | |
денсаулық сақтау басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | А. Жалелов |
2017 жылғы "15" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Ақсу қаласының | |
ветеринария бөлімі" | |
мемлекеттік мекеме басшысы | К. Амренов |
2017 жылғы "15" желтоқсан | |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауылшаруашылығы министрлігінің | |
ветеринариялық бақылау | |
және қадағалау Комитетінің | |
Ақсу қалалық аумақтық | |
инспекциясы" мемлекеттік | |
мекеменің басшысы | Г. Батаев |
2017 жылғы "15" желтоқсан |