Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің Евгеньевка ауылы, Үштерек ауылы және Сольветка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі әкімінің 2017 жылғы 13 қарашадағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 5709 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Евгеньевка селолық округінің Евгеньевка ауылы, Үштерек ауылы және Сольветка ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Евгеньевка селолық округінің Евгеньевка ауылындағы келесі көшелері:

      "Интернациональная" көшесі "Достық" көшесі болып;

      "Джамбула" көшесі "Жамбыл Жабаев" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Евгеньевка селолық округінің Үштерек ауылындағы келесі көшелері:

      "Оштерекская" көшесі "Үштерек" көшесі болып;

      "1 линия" көшесі "Атамекен" көшесі болып;

      "2 линия" көшесі "Шоқан Уәлиханов" көшесі болып;

      "1 участок" көшесі "Әл-Фараби" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Евгеньевка селолық округінің Сольветка ауылындағы келесі көшелері:

      "Калинина" көшесі "Қаныш Сәтбаев" көшесі болып;

      "Ленин" көшесі "Ахмет Байтұрсынов" көшесі болып қайта аталсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Селолық округінің әкімі Т. Бейсенбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады