Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 29.09.2022 № 165/22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 145 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда "Отарқа" газетінде және 2014 жылғы 19 маусымда "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) № 219/28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің атауында және 1 тармағында қазақ тіліндегі "жиналу және пайда болу нормасын" сөздері "түзілу және жинақталу нормаларын" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
2) көрсетілген шешімнің қосымшасында қазақ тіліндегі "пайда болу" сөздері "түзілу" сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы | Б. Куспеков |