Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 20 мамырдағы "Ақтоғай аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы туралы" № 5/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген, 2004 жылғы 3 шілдеде аудандық "Ауыл тынысы - Пульс села" газетінің № 29 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В.В. Макеев |
Мәслихат хатшысы | Ж.Ш. Ташенев |