Ақтоғай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 106/20 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қазанда № 5639 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 17/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.03.2021 № 17/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру мөлшері 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемі мүгедек баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап әрбір кемтар балаға бір жыл ағымында тағайындау және тоқсан сайын төлеу тәртібі айқындалсын.

      3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш.Ж. Садуақасов
      Мәслихат хатшысы Ж.Ш. Ташенев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады