Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық округі әкімінің 24.08.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына және Ақтоғай ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 2-01/92 ұсынымы негізінде, Басқамыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдың құтырықпен ауыруы пайда болуына байланысты Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылдық округінің Басқамыс ауылының "Шұбар Құлын" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай ауданының аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері, "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақтоғай ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қолжеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқамыс ауылдық округінің әкімі | С. Нұрлықаимов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Ақтоғай ауданының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | А. Нұрғазин |
2017 жылғы "5" мамыр | |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы Ауыл | |
шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық | |
бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай | |
аудандық аумақтық инспекция" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | А. Малюкова |
2017 жылғы "5" мамыр | |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы Ұлттық | |
экономика министрлігі Тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау комитеті | |
Павлодар облысы тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау департаментінің | |
Ақтоғай ауданының тұтынушылардың | |
құқықтарын қорғау басқармасы" | |
республикалық мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | А. Сқақова |
2017 жылғы "5" мамыр |