Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің елді мекендеріндегі кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 5484 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Жалаулы ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жалаулы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің елді мекендерінің кейбір көшелері:
      1) Балтасап ауылы бойынша:
      "Школьная" көшесі - "Мектеп" көшесі;
      "Садовая" көшесі - "Жастар" көшесі;
      "Победа" көшесі - "Жеңіс" көшесі болып қайта аталсын;
      2) Қарасу ауылы бойынша:
      "Степная" көшесі - "Бірлік" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалаулы ауылдық округінің әкімі А. Медетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады