Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 25.10.2017 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына және Баянауыл аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының кезектен тыс отырысының № 6 хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданының Сәтбаев, Жаңажол, Ұзынбұлақ, Жаңатілек, Қаратомар, Күркелі, Қызылтау, Торайғыр ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметінің төтенше жағдай тәртібі енгізілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М.Қ. Ахметовке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | О. Каиргельдинов |