Баянауыл ауданы әкімінің 2017 жылғы 31 наурыздағы "Баянауыл ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 2017 жылғы 25 қазандағы № 14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 06 қарашада № 5672 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Баянауыл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы әкімінің 2017 жылғы 31 наурыздағы "Баянауыл ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 02 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5444 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 сәуірдегі "Баянтау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары М. Қ. Ахметовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі О. Каиргельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады