Железинка аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 наурыздағы № 79/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 наурызда № 5421 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Железинка аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железинка аудандық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы,
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

  Железинка аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
7 наурыздағы № 79/6 шешіміне
қосымша

Железинка аудандық мәслихатының күші жойылған
деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Железинка ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 338-5/45 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 5 қаңтарда № 4878 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 2, "Родные просторы" газетінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 2 санында жарияланған).
      2. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 ақпандағы (V сайланған XLVІІІ (кезекті) сессиясы) "Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Железинка ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 338-5/45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 352-5/48 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 25 ақпанда № 4939 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 9, "Родные просторы" газетінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 9 санында жарияланған).
      3. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 маусымдағы (VI сайланған ІІІ (кезекті) сессиясы) "Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Железинка ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 338-5/45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 16/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 5 шілдеде № 5154 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2016 жылғы 9 шілдедегі № 28, "Родные просторы" газетінің 2016 жылғы 9 шілдедегі № 28 санында жарияланған).
      4. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі (VІ сайланған V (кезекті) сессиясы) "Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Железинка ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 338-5/45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 27/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 3 тамызда № 5191 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2016 жылғы 13 тамыздағы № 33, "Родные просторы" газетінің 2016 жылғы 13 тамыздағы № 33 санында жарияланған).
      5. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 тамыздағы (VІ сайланған VІІ (кезектен тыс) сессиясы) "Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Железинка ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 338-5/45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 34/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 23 тамызда № 5216 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2016 жылғы 3 қыркүйектегі № 36, "Родные просторы" газетінің 2016 жылғы 3 қыркүйектегі № 36 санында жарияланған).
      6. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 қарашадағы (VI сайланған ХI (кезектен тыс) сессиясы) "Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Железинка ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 338-5/45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 48/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 25 қарашада № 5280 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2016 жылғы 3 желтоқсандағы № 49, "Родные просторы" газетінің 2016 жылғы 3 желтоқсандағы № 49 санында жарияланған).
      7. Железинка аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы (VI сайланған ХIІІ (кезектен тыс) сессиясы "Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Железинка ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 338-5/45 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 52/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5310 болып тіркелген, "Туған өлке" газетінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 1 "Родные просторы" газетінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 1 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады