Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы № 150/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қарашада № 5675 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 шілдедегі аудандық "Туған өлке", "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 12), 13), 14), 15) тармақшалары, 9-тармақтың 12) тармақшасы, 11-тармақтың 2) тармақшасында төртінші, бесінші абзацтар, 27-тармақ және 4-бөлім алынып тасталсын;

      10-тармақтың 4) тармақшасында:

      бесінші абзац келесі редакцияда жазылсын:

      "осы Қағидалардың 9-тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санаттарға балабақшада балаларды қамтамасыз етуге төлеу үшін әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде уәкілетті органға осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініштің, балалардың тууы туралы куәлігінің, медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасының, балабақшадан қатысу табелін ұсынумен анықтаманың негізінде.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы,
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады