Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 26 қазандағы "Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" № 151/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 155/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 8 қаңтарда № 5788 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 231/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 25.04.2018 № 231/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 26 қазандағы "Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" № 151/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5678 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қарашада аудандық "Туған өлке", "Родные просторы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережеде:

      1-тарауда 2-тармақта, мемлекеттік тілдегі мәтін келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Құрмет грамотасымен Железин ауданының алдында сіңірген еңбектерін тану белгісінде, экономика, әлеуметтік саланың, ғылым, мәдениет, білім берудің дамуына, ұлтаралық келісім мен өзара түсінушілікті, әскери, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметтің және аймақтағы қоғамдық қызметтің нығаюына қосқан жеке үлесі және айтарлықтай жетістіктерге жеткені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Е. Волкова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады