Железин ауданы Железин селолық округі Железин селосының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы Железин селолық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 04 қазандағы № 05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қазанда № 5649 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес, Железин селолық округі Железин селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Железин селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин ауданы Железин селолық округі Железин селосының келесі көшелері:

      "Школьная" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі болып;

      "Совхозная" көшесі "Болат Ракишев" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Б. Байгиреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады