Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 46/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 10/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5371 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 329/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 03.12.2019 № 329/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Ертіс ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ертіс ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 наурыздағы "Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысын айқындау мен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламаларды және тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді анықтау туралы" № 46/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 14 наурызда № 4987 болып тіркелді, 2016 жылғы 19 наурызда ауданның № 11 "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Шәріпов

  Ертіс ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "16" қаңтардағы
№ 10/1 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру
мен өткізуді Павлодар облысы Ертіс ауданы бойынша
бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік
бағдарламалар және тауарлар, жұмыстар, қызметтер

№ р/с

Атауы

1

Аудандық атқарушы органның бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар

2

Сатып алуға бөлінген лоттың (жоспар тармағының) сомасы төрт мың еселік айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда, бірақ тиісті қаржы жылына белгіленген бір жүз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес болса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді конкурс (аукцион) тәсілімен сатып алулар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады