Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 17.04.2019 № 120/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Качир ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің төмендегідей тізімдік саны бар ұйымдарға елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Качир ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Шұғаев |
Качир ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "23" қаңтардағы № 17 қаулысына қосымша |
Качир ауданы бойынша мүгедектерге арналған жұмыс орындары квотасы
р/с № | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам | Үлес мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %) | Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Качиры аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 59 | 2 | 1 |
2 | "Максим-Горький орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме" мемлекеттік мекемесі | 78 | 2 | 1 |
3 | Качир ауданы әкімдігінің "Бастау" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 63 | 2 | 1 |
4 | Качир ауданы әкімдігінің "Өркендеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 56 | 2 | 1 |