Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 120/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 6314 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 206/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 24.08.2021 № 206/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 498 бұйрығына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде – елуден жүз адамға дейін жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға белгіленсін.

      2. Качир ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы "Качир ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 17 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5351 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 ақпанда "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Әйткенов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "17" сәуірдегі
№ 120/2 қаулысына
қосымша

Тереңкөл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам (ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны %)

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны (адам)

1

2

3

4

5

1

"Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А.Н. Ңлгин атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

89

2

1

2

"Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А.Текенов атындағы № 2 орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі

71

2

1

3

"Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесі

86

2

1

4

"Тереңкөл ауданының Береговая жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

77

2

1

5

"Тереңкөл ауданының Федоровка жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

65

2

1

6

"Тереңкөл ауданының Октябрь жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

66

2

1

7

"Тереңкөл ауданының № 2 Песчан жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесі

55

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады