Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 16 қарашадағы № 79 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 04 желтоқсанда № 5715 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Тереңкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Тереңкөл ауылдық округі Тереңкөл ауылының келесі көшелері:

      "Строительная" көшесі "Достық" көшесі болып;

      "Молодежная" көшесі "Жастар" көшесі болып;

      "Речная" көшесі "Ертіс" көшесі болып;

      "Пристань" көшесі "Көксу" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Д. Айтышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады