Качир ауданы Октябрь ауылдық округі Первомайск ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 қазандағы № 7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 01 қарашада № 5662 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Октябрь ауылдық округі Первомайск ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Октябрь ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Октябрь ауылдық округі Первомайск ауылының келесі көшелері:

      "Ленин" көшесі "Достық" көшесі болып;

      "Лесная" көшесі "Бірлік" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Октябрь ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы М. Мирманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады