Качир ауданы Калиновка ауылдық округі Калиновка ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Калиновка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 наурызда № 5404 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Калиновка ауылдық округі Калиновка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Калиновка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Качир ауданы Калиновка ауылдық округі Калиновка ауылындағы "Новоселов" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Калиновка ауылдық
      округінің әкімі А. Тургульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады