Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі Байқоныс ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Байқоңыс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 5387 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Байқоныс ауылдық округі Байқоныс ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Байқоныс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі Байқоныс ауылының мына көшелері:
      "Гвардейская" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі болып;
      "Луговая" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
      "Дзержинского" көшесі "Кәукен Кенжетаев" көшесі болып;
      "Фрунзе" көшесі "Әлихан Бөкейханов" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Байқоныс ауылдық
      округінің әкімі Қ. Алтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады