Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Әйтей, Жамбыл, Жаңатаң ауылдарында көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 1-17/01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5367 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, ауылдық округ ауылдары тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Әйтей ауылында "Центральная" көшесі "Желтоқсан" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылында "Береговая" көшесі "Бейбітшілік" көшесі, "Школьная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі, "Мелиораторов" көшесі "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
      3. Лебяжі ауданы Жамбыл ауылдық округінің Жаңатаң ауылында "Школьная" көшесі "Бірлік" көшесі, "Степная" көшесі "Ынтымақ" көшесі болып қайта аталсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Н. Айтуғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады