Лебяжі ауданы Малыбай ауылдық округі Малыбай және Қазы ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 1-03/1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 5824 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Малыбай ауылдық округі Малыбай, Қазы ауылдар тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Малыбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лебяжі ауданы Малыбай ауылдық округінің Малыбай ауылында "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі, "Ленин" көшесі "Астана" көшесі, "Советская" көшесі "Бәйтерек" көшесі, "60 лет ЛКСМ Казахстана" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Лебяжі ауданы Малыбай ауылдық округінің Қазы ауылында "70 лет Октября" көшесі "Еңбекшілер" көшесі, "Целинная" көшесі "Саржайлау" көшесі, "Механизаторская" көшесі "Ынтымақ" көшесі, "Ленин" көшесі "Ұлы Жеңіс" көшесі, "Степная" көшесі "Мерей" көшесі, "Школьная" көшесі "Желтоқсан" көшесі, "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесі, "Первомайская" көшесі "Атамекен" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Айғазинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады