Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 5380 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шақа ауылдық округі Шоқтал ауыл тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шақа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округі Шоқтал ауылының көшелері:
      "Гагарин" көшесі "Қабдылқазы Айтқалиев" көшесі болып;
      "Киров" көшесі "Төлеубай Қобайдаров" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шақа ауылдық
      округінің әкімі Т. Тлеукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады