Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 223/11 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 112/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 маусымда № 5532 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 223/11 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5279 болып тіркелген, 2016 жылғы 03 желтоқсанда аудандық "Шамшырақ" газетінде № 50 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Қаңтарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады