Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 223/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 қарашада № 5279 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 112/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 09.06.2017 № 112/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына және Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көретін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтуды камтамасыз ету мақсатында, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Қаңтарбаев

  Май ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "14" қарашадағы
№ 223/11 қаулысына
1-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға
Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы

р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, адам

1

2

3

4

5

1.

Май ауданының әкімдігі Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

64

2

1

2.

"Қазан селолық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi

17

6

1

3.

"Май аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

190

1

1

  Май ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "14" қарашадағы
№ 223/11 қаулысына
2-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға
Май ауданының ұйымдарында жұмыс орындарының квотасы

р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, адам

1

2

3

4

5

1.

Май ауданының әкімдігі Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Май сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

64

2

1

2.

"Май аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

190

1

1

3.

"Баскөл селолық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

23

5

1

4.

Май ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мәдениет ойын-сауық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

24

5

1

5.

"Май ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

25

5

1

6.

"Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

14

8

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады